Ақтөбедегі басты даңғылдардың бірінде шоу жасаған жүргізуші полицияның назарына ілікті

Ақтөбедегі басты даңғылдардың бірінде шоу жасаған жүргізуші полицияның назарына ілікті
Фото: ІІМ

Ақтөбеде жол үстінде шоу жасаған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жігіт көлік тізгіндеу кезінде жол ережелерін бұзған бейнежазбаны анықтаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Ақтөбе қаласындағы басты даңғылдардың бірінде жүргізуші жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған. Оның үстіне өз әрекетін видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желіде жариялаған.

"Құқық бұзған адам кім екені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Ақтөбе ПД өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget