Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
"23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмеді деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Еске салайық, 2024 жылғы 14 қазанда Приозерскіде сарбаз әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалғанда өзін атып өлтіргенін жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!