Ақтөбеде зейнеткер альфонс жігіттен алданып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түскен. Ол әлеуметтік желіде танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеген. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керегін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.
Сонымен қатар, "күйеу жігіт" зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Ал әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 миллион теңгеден аса қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!