Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағым түскен.
"Зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Қазір оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды", - деді полиция.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!