Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбеде Алматы ауданы Жангелдин көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Хабар түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Алайда өрт біраз аумақты қамтып үлгерген. Үйдің ас бөлмесі мен кіреберісі өртеніп, жалын шатырға жеткен. Өртті сөндіруге 16 адам және 3 техника жұмылдырылды. Өрт кезінде екі баланың денесі табылды.
1954 жылы туған әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кезінде үйде 5 адам болған. Оның екеуі - бала. Жалын 40 шаршы метр жерді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Кәмшат Сексенбай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!