Ақтөбеде үстіне контейнер құлап, мерт болған әйелдің үш баласына пәтер берілді

Ақтөбеде үстіне контейнер құлап, мерт болған әйелдің үш баласына пәтер берілді

Ақтөбеде үстіне контейнер құлап, мерт болған әйелдің үш баласына пәтер берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға биыл 1 қаңтарда болған. 38 жастағы әйел контейнердің астында қалып, қаза болған. Кәмелетке толмаған үш бала анасыз қалды. Оларды 70 жастағы әжелері бауырына басқан. Бұл жайтты естіген жергілікті ақтөбеліктер қол ұшын созып, отбасына көмектескен. Еріктілер ақша жинап, балаларға үш бөлмелі пәтер алып берген. 

Фото: "Диапазон"

Қаржыны жергілікті демеушілер мен қарапайым халық жинап берген. Бастапқыда жаңадан алынған үйде жиһаз да болмаған. Үйдің ішін жиһазға толтыруға жергілікті кәсіпкерлер көмектескен. 

"Марқұм әйелдің тұңғышы 17 жаста. Біз "Болашақ" колледжінен балаға тегін білім алуға мүмкіндік беруін сұрадық. Олар жағдайды түсініп, тіпті ай сайын шәкіртақы беретін болды", - дейді Volonter.2020_Aqtobe қоғамдық қорының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев. 


Фото: "Диапазон"

Одан бөлек, тұрғындар қолдан жасалған жастық, көрпе, кілем әкеліп берген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина