Ақтөбеде 17 сәуірде кешке адамдар тұрған аялдама үстіне жарнама тақтасы құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Үш әйел көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілген еді.
"Травмотологиялық пунктке жүгінгендерді кезекші травматолог пен хирург қарады. Ми шайқалуы мен сүйек сынуы диагноздары байқалмады, денелері көгерген. Барлығы үйге жіберілді", - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.
Оқиға бойынша департамент тергеуді бастады.
Еске салайық, бұған дейін оқиға "Алтын орам" ТК ауданындағы Ә.Молдағұлова даңғылында болғаны хабарланды. Жарнама тақтасын орнату кезінде құрылымның бір бөлігі аялдаманың шыны төбесіне құлаған. Автобусты күтіп тұрған үш әйел құлаған шатыр сынықтарының астына қалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!