Ақтөбеде үш жасар қызды көлік басып кетті

Ақтөбеде үш жасар қызды көлік басып кетті
Фото: Видео кадры / КТК телеарнасы

Ақтөбеде үш жасар қызды көлік қағып кетті. Ол үйінен шыққан бойда жолға қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары бұл кезде ата-анасының қайда болғанын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға подъезд алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қызыл күртешелі кішкентай қыз жолға қарай жүгіргенде алдынан "Тойота" көлігі шыға келеді. Көліктің астында жатқан қызды жүргізуші шығарып алды. Полицейлер автокөлікті айып тұрағына қойып, 29 жастағы көлік иесін тергеп жатыр. Ал баланың жағдайы тым ауыр. Жамбас сүйегі сынған бүлдіршін ауруханада анасымен бірге жатыр. 

"Травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр. Қосарланған жарақат. Жабық бас жарақаты, миы шайқалған, жамбас сүйектері сынған", - дейді Ақтөбе облысы балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Қуантай Махамбетов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан