- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- кепілге алынған
Ақтөбеде үш адам кепілге алынған үйден репортаж
13 қаңтарда Ақтөбеде үш адам кепілге алынды. Оқиға болған жерден суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz оқиға орнына, яғни адамдар кепілге алынған үйге барған. Өйткені бір күн бұрын Мәскеу ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.
Қайғылы оқиға болған үй Рысқұлбеков көшесінде орналасқан.
Белгісіз ер адам 13 қаңтарда кешке үйге кіріп, 40 жастағы әйелді кепілге алған. Оқиға туралы хабарлама Ақтөбе жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен.
Түнде бұл жерде бірнеше аумақ толығымен қоршалды. Ал бүгін оқиға болған үйдің маңында полицияның бірнеше көлігін байқауға болады.
Үйге кіруге рұқсат жоқ, бәрі мөрленген. Мұнда тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
Кепілге үш адам алынған: 40 жастағы әйел мен оның қарт ата-анасы. Алайда әйелдің ата-анасы пышақ жарақатымен жертөледен табылды.
Ресми мәліметтерге сәйкес әйелдің анасы ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, ал әкесі ота үстелінде қайтыс болды.
Мәліметке сүйенсек, жолдың арғы бетіндегі үйде зардап шеккен әйелдің туыстары тұрады. Қазір олардың үйіне көңіл айтатын адамдар келіп жатыр. Қаза тапқандардың туыстары болған оқиғаға пікір білдірмеген.
Қайтыс болған қарт ерлі-зайыптының көршілері марқұмдар мейірімді, ашық, барлық көршімен тату болғанын айтады.
Кейбір көршілердің айтуынша, кепілге алынған әйел ата-анасымен бірге тұрмаған, бірақ оларға келіп тұрған.
Тұрғындардың сөзінше, бұл оқиға күтпеген жайт болған, олар әлі күнге дейін өздеріне келе алмаған.
Ақтөбедегі тосын жайт туралы не белгілі?
Ақтөбеде 13 қаңтарда кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.
Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.
Кейінірек екі жәбірленуші қайтыс болғаны, бір адам жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.
Өңір әкімі жағдайға пікір білдіріп, барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова