Ақтөбеде ұлын өлтірді деген күдікке ілінген әкеге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, сот жалдамалы пәтерде ұлына ашуланған әке оны бірнеше рет ұрғанын, алған жарақаттарынан бала сол жерде қайтыс болғанын анықтаған. Кісі өлтірген Ахунов экскаватор жалдап, құрылыс қоқысын тастаймын деген желеумен одан шұңқыр қазуын өтінген. Осылайша, оған марқұм ұлын көмген. Бірнеше күннен кейін ол ұлы жоғалып кеткені туралы мәлімдеме жасаған.
Ал бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта үкім жарияланды. Осылайша, Ахунов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Данил, Максим және Алина есімді үшем 2018 жылғы 1 желтоқсанда Ақтөбе перзентханасында дүниеге келген еді. Қуанышты оқиға БАҚ-та жарияланды, үшемдердің анасы қала әкімі келгенін, тіпті оларға пәтер уәде етілгенін айтты. Ал былтыр желтоқсанда еріктілер мен полиция жоғалып кеткен 4 жасар Данилді, яғни үшемнің бірін іздеді. Баланың суреті бүкіл қалада ілулі тұрды. Бірақ екі күннен кейін ол шұңқырға көмілген жерінен өлі табылды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 4 жасар Данилдің өліміне қатысты сот басталғаны хабарланған еді. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы іске қатысты адамшошырлық жайттарды айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!