Ақтөбеде үлескерлер 2,5 миллиард теңгеге алданып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша соталды терге-тексеруді аяқтады.
"2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А. Ақтөбе қаласының 12-шағынауданда және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 миллиард теңге алған", - деп жазылған мәліметте.
25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!