- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде түрмеге есірткі...
Ақтөбеде түрмеге есірткі алып кірмек болған күдікті ұсталды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №70 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты.
Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады", – деп атап өтті басшылар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина