Ақтөбеде тұрғын үй маңынан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 сәуірде сағат 01:48 шамасында жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты.
Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!