Ақтөбеде ұры алкоголь ұрлау үшін поддонды қолданған. Ұрының әрекеті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода белгісіз адам алкогольдік ішімдіктер сататын дүкенге аяғының астына поддон қойып, терезе арқылы ішке кіргені көрініп қалған. Алкомаркеттің ішінен ол темекінің бірнеше блогын, коньяк пен табиғи шырынды ұрлаған.
Болған оқиға туралы дүкен әкімшісі полицияға хабарлады. Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады, ол Орал қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсталған адамның басқа қылмыстар жасауға қатысының бар-жоғы тексеріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!