Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

Ақтөбеде тергеу абақтысына адам сыймай жатыр. Себебі әбден тозығы жеткен ғимараттың бір бөлігін мүлдем жауып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір мұнда сотқа дейін тергеліп жатқан 300-ден аса күдікті отыр. "Камералардың аздығы мен қамауда отырып үйінді астында қалу қауіпі болғандықтан, осылай істеуге тура келеді", - дейді басшылар. Тексеріс жүргізгендер абақты ғимараты құламай тұрғанда "дереу сүріп тастаңдар" деген қорытынды да шығарған.

"Корпустың бір жағы толығымен апат жағдайында деп танылған. Ол жерде тергеуге оқшауланған адам ұсталмайды. Ол жерде бір-екі апат жағдайындағы камера бар. Былтыр мемлекеттік сәулет басқармасынан зерттеу жүргізген, оның қорытындысы да бар", - дейді Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!