Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тексеру барысында үйлену тойы кезіндегі кортеж жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталған.
"Кейбір көліктерге заңсыз түрде арнайы жарық құрылғылары орнатылғаны белгілі болды. Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында осы көліктерді анықтап, жүргізушілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартты", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!