- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде терроризмді насихаттау...
Ақтөбеде терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды
Фото:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 9 қыркүйекте олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.
Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан