Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында бүгін Ақтөбе облысы Әділет департаментімен жеке санаттағы азаматтарға (жазасын өтеушілер, жалғызбасты аналар т.б.) және де қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында үгіт автобусы іске қосылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының Әділет департаменті.
Үгіт тобының құрамына Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу, сот актілерін орындау бағытының мамандары мен адвокаттар, жеке сот орындаушылар, нотариустар және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ АОФ хатшылығы кірді.
Үгіт автобусының бағдары Әділет департаментінен бастау алып, 168/2 түзету мекемесіне, кейін Ана мен бала үйіне бағыт алды. Үгіт тобы жұмыс күнінің екінші жартысында Қарғалы селосының тұрғындарына заң көмегін көрсетті.
Құқықтық кеңес беру барысында жазасын өтеушілер сот актілерін орындау, некеге тұру және бұзуды тіркеу, мұрагерлік құқық сұрақтарына қызығушылық танытса, жалғазбасты аналар қауымы әкелті тану, нәпақа өндіру және тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрақтарына назар салды.
Акция барысында қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме берілді.
Аталған акция ұқсас шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттілігін көрсетті.