• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілердің соты басталды

Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілердің соты басталды

Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басы мен ішкі құрылысын тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды. Олардың жауыздығынан жақындары да тітіркеніп отыр. Тіпті бірінің анасы баласынан безініп, оның бұрын да осындай сұмдыққа барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға былтыр күзде Хромтау қаласында болған. Алғашқы сот отырысына екі сотталушы келмеді. Олар сотқа абақтыдан онлайн қатысты. Айыптау актісін оқыған кезде залда болғандардың төбе шашы тік тұрды.

Екі сотталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішкен. Бәрі бұрын істі болып, түрмеге отырып шыққан. Өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған, ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазытқышқа сақтап қойған.

"Сотталушы Панаскин мас күйде танысымен сөзге келіп, ішіне пышақ тығып алады. Марқұм сол жерде қайтыс болған. Лукин асүйден өлі денені жуынатын бөлмеге апарған. Сол жерде дене мүшелерін кескілеп, бөлшектеп, сөмкеге салып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында Хромтау қаласының шетіндегі карьерге апарып лақтырған", - деді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева.

Процеске сотталушылардың жары мен бірінің анасы келді. 40 жастағы Михаил Лукиннің шешесі ұлынан безініп, оның қандықол қылмыскер екенін айтып отыр. Оның ұлы қылмыстың ізін жасырмақ болғаны үшін айыпталып отыр. Өзге тұрмақ, бұрын өз анасының саусақтарын кесіпті. Сексенге таяған кейуана тергеушілермен бірге ұлының пәтерін тінту кезінде "көрген нәрселерден жүрегім тоқтап қала жаздады" дейді.

"Ұлыма үш бөлмелі пәтерімді тастап, қызымның үйіне көшіп кеткен едім. Ол маған күн бермеді. Тергеуші сол пәтердің кілтін ашып беруді сұрады. Бірге барып қарағанда сұмдыққа тап болдық. Тоңазытқышты ашқан тергеушінің көзі шарасынан шығып кете жаздады. "Әже, сіз қарамаңыз" деді. Ол басқа бөлмеге кеткенде, тоңазытқышты ашып қарағанда талып қала жаздадым. Ішінде табақ толы адамның ішкі құрылысы. Кесілген бас та сонда сақтаулы екен. Айтатыны жоқ, сұмдық!", - дейді сотталушының анасы Любовь Лукина.

Танысына пышақ сұққан Константин Панаскин 37 жаста. Досы Михаилмен бірге сотта істі алқа билер қарасын деп отыр. Судья да олардың өтінішін қанағаттандырды. Ендігі процесс екі аптадан соң болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget