- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп...
Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап көз жұмды: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды
Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы оқушы көз жұмды. Мұғалімдердің айтуынша, сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлаған. Роман партаның қырына тамағын соғып есінен таныпты. Ауруханаға ес-түссіз жеткізілген ол дәрігерлердің барын салғанына қарамастан жарты сағаттан кейін демі үзілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Мұғалім мектептің медбикесін дереу шақырды. Бірінші жәрдем сол жерде көрсетілді. Содан кейін жедел жәрдем шақырылды және ата анасы шақырылды. Жүгіріп келе жатқан ғой, кабинеттен кабинетке көшпей ме, сол кезде өзінен өзі құлаған. Аяғына шалынып құлады ма, қасында ешкім болған жоқ, кабинетте мұғалім отырды", - деді Ақтөбе №27 мектеп-лицейінің директоры Дәуір Түлемісов.
Директордың айтуынша, қайғылы жағдай физика пәні басталар алдында болған. Сыныпта тағы 4-5 оқушы жүрген екен. Оқу орнына тергеушілер келіп жауап алып кеткен.Оқиға орынан қарап, бейнекамералардың жазбаларын тәркілепті. Бірақ олар тек дәлізде орналасқан.
7-сынып оқушысы Роман Новиков озаттар қатарында болған. Пән олимпиадаларына жиі қатысады екен. Оның сыныптастарымен психологтар жұмыс істепті. Мектеп әкімшілігі марқұмның отбасына қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан