Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде тігіп ұтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуге тиіс қаражатты екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтаған.
"Олар 12 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура пікірі
Бұл дерек бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
"10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова