Ақтөбеде скутер жүргізген 16 жасар бала жол апатынан қайтыс болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
31 мамырда Ақтөбедегі Жангилдин мен Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан. Скутерді 16 жастағы бала айдап бара жатқан.
Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер ол жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!