Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы тұрғынды анықтаған. Арнайы жасақ сарбаздары күдіктіні ақша алу кезінде ұстаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген. Бір күні дәмханадағы есепшотты төлеуге ақша болмаған кезде күдікті студенттердің бірін қорқыту арқылы ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалап, шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңгесін иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова