Ақтөбеде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты алаяқтықтардың әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Күдікті шетелдік көліктерді заңдастыруда қиындықтарға тап болған тұрғындарды алдаған.
Қазіргі таңда бес жәбірленуші анықталды, бірақ тергеу органдары күдікті әйелдің азаматтарды алдаудың басқа жағдайларына қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
34 жастағы әйел көліктерін заңдастыруда қиындықтарға тап болған шетелдік автокөлік иелеріне өз қызметін ұсынған. Ол өзінің таныстары бар екенін және бұл мәселені шеше алатынын айтқан. Әрбір жәбірленушіден күдікті 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған. Шындығында, ол ақшаны өз пайдасына жұмсаған.
Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оны басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
Полиция департаменті азаматтарды алданып қалмау үшін тиісті қызметтерді мамандандырылған мемлекеттік мекемелерден ғана алуға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз