Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен. Күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 шілдеде белгісіз тұлғалар кілт таңдау арқылы Ақтөбедегі пәтерге заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны ұрлаған. Ұрлық салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келген. Полиция қызметкерлер 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды.
Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша алынды.
Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!