Ақтөбеде шенеуніктер кәсіпкерлерге адал еңбек етуге кедергі жасаған

Ақтөбеде жерді бизнеске жалға беру мерзімін ұзарту негізсіз созылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында қаланың Жер қатынастары бөліміне 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін жергілікті кәсіпкерлерден бұрын берілген жер учаскелерін жалға беруді ұзартуға 30 өтініш түскені анықталды.

Қала кәсіпкерлері міндеттері дұрыс орындалған және жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, учаскелерді жалдау шартын жаңа мерзімге ұзартуға толық құқылы болды. Осылайша, Жер қатынастары бөлімі адал бизнесті жүргізуге жасанды кедергі жасаған.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікке әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізді. Содан кейін өтініш білдірген кәсіпкерлер үшін жер учаскелерін жалға беруді ұзарту мақұлданды.

Бұдан басқа, СҚО-дағы әкімдік бизнес үшін жасанды әкімшілік кедергілер құрғаны анықталды.
 
СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылғы қарашадан бастап жылыжайда электр қуатына қоспаған.

Биыл 24 қаңтарында СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне кәсіпкер шағым түсірді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында ЖК басшысы коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды.

Антикордың аумақтық бөлімшесі өкілдері аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды. Қазір электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!