- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде шенеуніктер аяқкиім...
Ақтөбеде шенеуніктер аяқкиім тазалайтын сүрткішке тендер ойнатқан
Ақтөбеде шенеуніктер аяқкиім тазалайтын сүрткішке тендер ойнатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бұл үшін облыс әкімдігі қазынадан 200 мың теңгедей ақша бөлген. Тендер ойнату кезінде мердігер компания 99 мың теңгеге 200 аяқкиім тазалайтын сүрткіш сатып алуға келіскен. Шенеуніктердің айтуынша, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды. Қонақтың аяқкиімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.
"Делегация көп келеді. Шетелдік инвесторлар да келіп жатады. Сондықтан ауа райына байланысты көлікте сондай тұрады. Бізде қала түгіл, аудандарға шығады. Сосын ол жақта, өздеріңіз білесіздер, шаң. 200 сүрткіш, шамамен екі жылға жетеді. Бір сүрткіш, қателеспесем, 458 теңге", - деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек