Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды.
Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ережелер талаптарының көптеген бұзушылықтары, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды.
Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған.
Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!