Ақтөбеде пәтерден ерлі-зайыпты өлі табылды

Ақтөбеде пәтерден ерлі-зайыпты өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

4 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында Ақтөбедегі Гришина көшесіндегі бесқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілгені анықталды.
 
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталып ұсталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз