- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде пәтерден әйел...
Ақтөбеде пәтерден әйел мен ұлы өлі табылды: жаңа дерек пайда болды
Ақтөбеде пәтерден әйел мен ұлы өлі табылды. Оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" баслымына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Жилгород ауданында болған. Отбасы бұл үйде шамамен 5-6 жыл тұрған. Көршілердің айтуынша, анасы мен балаларының ешқашан дауыс көтермей, ешкіммен жанжалдаспаған.
Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек