Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!