- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Ақтөбеде өзгенің телефонын тартып алып, қашып кеткен ер адам жарты жылдан соң ұсталды

Фото: polisia.kz
Ақтөбеде тұрғынды тонап, құзырлы органдардан жарты жылдан астам уақыт жасырынып жүрген азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол былтыр маусым айында көшеде Ақтөбе тұрғынының телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде 49 жастағы ер азаматты анықтап, мемлекетаралық іздеу жариялады.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жуырда ер адам Ақтөбеде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті кінәсін мойындады.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес