- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде өз ұлын...
Ақтөбеде өз ұлын жауыздықпен өлтірді деп айыпталған ер адам ешкім күтпеген мәлімдеме жасады
Ақтөбеде өз ұлын жауыздықпен өлтірді деп айыпталған Артур Ахунов ешкім күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
25 шілдеде өткен сот отырысында сотталушы 4 жасар баланы үшемнің сыңары байқамай өлтіріп алды деп ақталды.
"Ол қызыммен ойнағанды өте жақсы көретін. Олар ойнай бастады. Оны жіберіп қалғанда бетонға баспен түсті. Артынша үлкен ұлым түсінбей итеріп жіберді. Сол сәтте, ол бетін еденге соқты", - дейді сотталушы Артур Ахунов.
Телеарна мәліметінше, төрт жасар ұлын өлтірді деп айыпталған 41 жастағы ер адам әр отырыста түрлі сылтау айтып, шатасып жатыр.
Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс былтыр желтоқсанда болған. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Тіпті сотта неліктен жедел жәрдем шақырмағанын да түсіндіріп бере алмады. Бірақ тергеу кезінде ол ұлының мәйітін жалдамалы пәтердің балконында он күннен астам уақыт ұстағаны анықталған. Кейін 4 жасар Данилдың денесін қытай сөмкесіне салып, таксимен алдын ала қазылған шұңқырға апарып көміп тастаған. Сот сараптамасы бала басынан алған ауыр соққыдан көз жұмғанын дәлелдеген.
"Сол жақ маңдай бөлігінің зигоматикалық аймағында соққы болған. Содан кейін оң жақта желке жағынанда соққының ізі бар. Бұл тікелей соққы болуы мүмкін. Сынық жарақаттары да анықталды", - дейді сот сарапшысы Ырыскелді Сүлейменов.
Еске салайық, 10 шілдеде Ақтөбеде 4 жасар Данилдің өліміне қатысты сот басталған болатын. Былтыр желтоқсанда еріктілер мен полиция жоғалған 4 жасар Данил Ахуновты іздеді. Жақындарының сөзінше, бала әжесінің үйінің ауласынан жоғалып кеткен. Баланың суреті қаланың барлық бұрышында ілінді. Екі күннен кейін ол өлі табылды. Баланың денесі шұңқырға көмілген. Кейінірек полиция кісі өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина