- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде өз бүйрегін...
Ақтөбеде өз бүйрегін сатпақ болған 25 жастағы ер адам сотталды
Ақтөбенің 25 жастағы тұрғыны бүйрегін заңсыз сатпақ болғаны үшін сотталды. Ол шартты жаза алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты хабарлады.
Сот ер адамның әлеуметтік желіде өзінің ішкі ағзасын келісілген бағамен сату туралы хабарландыру жариялағанын анықтады. Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмектескен шартты сатып алушымен мәміле жасап жатқан кезде ұсталды.
Сотталушы өз кінәсін мойындаған. Сот үкім шығарарда осыны ескерген. Сонымен бірге сот "ауырлататын мән-жайдың жоқ" екенін де ескерді.
"Сот үкімімен К. 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам пробациялық бақылауға алынды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан