- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде онлайн казино...
Ақтөбеде онлайн казино жабылды
Ақтөбеде онлайн казино жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолданды.
Аймақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстыұ істі аяқтады.
Онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар.
Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қамауға алынды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаттық-ойындар "игромания" және "лудомания" сияқты ауыр аурулардың дамуына себеп болатынын ескертеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина