Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін көзін ауыр жарақаттаған Тамерлан Мырзабайдың туыстары тергеу қайта жандануын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Седьмой каналға" сілтеме жасап.
Жастар арасындағы жанжал түнгі уақытта бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрдан Тамерланның қатарластарынан қорғанып жатқаны көрінеді. Бір сәтте оның бетіне қатты соққы тиеді. Көзілдірігі сынып, әйнегі көз жанарына кіріп кеткен.
Тамерлан - джиу-джитсумен шұғылданған спортшы.
"Қазір жарысқа емес, жарық күннің өзіне қарай алмай отыр", - дейді туыстары.
Денсаулығының кесірінен сабақтан да қол үзген. Енді алда ұзақ оңалту мен операция күтіп тұр. Алғашқыда іс екі баппен тергелген. "Бұзақылық" және "Орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру". Алайда кейін полиция "Бұзақылық" бабын жауып тастаған. Жәбірленушінің туыстары енді екінші баптың да жеңіл сипатқа ауысып кетуінен қауіптенеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова