Ақтөбеде офицер қалыңдығына ерекше ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Күйеу жігіт өміріндегі маңызды шешімді диплом алу салтанаты кезінде жасауды ұйғарыпты.
Дүйім жұрттың алдында үйленуге сөз салған офицер – Бекзат Маратов. Ол Ақтөбедегі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтын тәмамдап жатыр. Мамандығы – ұшқыш.
Дүйім жұрттың алдында аппақ көйлек киген Диана ұсынысты қабыл алып, келісімін берді. Қалыңдық Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінде оқиды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!