Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимараты өртенді

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимараты өртенді
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы 7 сәуірде кешке Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

"Қазір ТЖМ құтқарушылары Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

"Тілсіз жауды толық ауыздықтау үшін барлық шара қабылданып жатыр. Адамдар эвакуацияланып жатыр", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында жедел штаб құрылған.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген бойда ашық жалын анықталған. 

Кейінірек ТЖМ құтқарушылардың күшімен өрт оқшауланғанын хабарлады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget