Ақтөбеде ер адам мейрамхана қызметкерін ұрған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазанда сағат түнгі 02.00-де Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Мейрамханаға тамақтануға келген 28 жастағы кәсіпкер даяшының қызметіне көңілі толмаған. Мәселені шешу үшін ол менеджерді шақыртқан. Әрі қарай мән-жайды талқылау барысында ашуға мінген қонақ менеджерді бетінен ұрып, құлатқан.
Соққы салдарынан 21 жастағы жігіт иегінен жарақат алып, ауруханаға жүгінді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Бұзақылық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!