Ақтөбеде “мектепті жарамын“ деп дүрбелең салған адам оқушы болып шықты

Ақтөбеде “мектепті жарамын“ деп дүрбелең салған адам оқушы болып шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде "мектепті жарамын" деп дүрбелең салған адам оқушы болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, сегізінші сыныпта оқитын оқушы сабаққа бармау үшін сылтау іздеп, жалған хабарлама жасаған. Осылайша 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, "мектеп пен үйге жарылғыш зат қойылғанын" айтқан.

"Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде 8-сынып оқушысын ұстады. Бұл екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.

Полиция департаменті мұндай "әзілдердің" ауыр салдары бар екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін полиция "Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасалады" деген қорқынышты хабарға пікір білдірді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget