Ақтөбеде мектеп өртеніп, мыңға жуық адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 22 ақпанда сағат 08:01-де 112 құтқару қызметіне Сәтбаев көшесіндегі №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ақтөбеде өрттен 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!