Әлеуметтік желіде қолданушылардың бірі Ақтөбедегі Қарғалы мектебінде оқушы мен мұғалім арасында жанжал болғанын айтты. Жанжал кезінде мектеп оқушысы мұғалімді "кәрі жезөкше" деп атаған. Мұғалім шыдай алмай, оқушыны ұрып жіберген. Мұғалімнің әрекеті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Диапазон" редакциясы бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін білім бөліміне хабарласты. Білім бөлімінің өкілдері оқиғаның №53 мектепте болғанын растады.
"Мұғалім мен 10-сынып оқушысы арасындағы жанжал алгебра сабағында ұялы телефонның кесірінен болған. Мектеп әкімшілігі бұл жайттан кейін ұстазбен және оқушымен сөйлесті, екі жақ бір-бірінен кешірім сұрады. Математика пәнінің мұғалімі 21 ақпаннан бастап еңбек демалысында, үйінде емделіп жатыр. Осы сыныптың ата-аналары мен оқушылары математика мұғалімінің мектепте қалып, жұмыс істей беруін сұрайды", - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!