Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласы прокуратурасы мектептерді тексерген кезде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.
"2023 жылы бухгалтерлер өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 миллион теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректері де анықталды.
Барлық құқықбұзушылық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) соталды тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!