"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Соталды тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.
Оған 90 миллион теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған ер адам шаруа қожалығының басшысын алдап, Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 миллион теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз