- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде мас қыз...
Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген
Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 19 мамырында жедел басқару орталығының 102 телефонына "Есет батыр" микрорайонында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама түскен.
Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізді.
Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді.
Сондай-ақ ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан