Ақтөбе облысында Мамандандырылған күзет қызметі (МҚҚБ) департаментінің қызметкерлері ақша жымқыру дерегі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Ақтөбе облысы бойынша ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне ақшаны төлеу тәртібін бұзу дерегі туралы ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде МҚҚБ қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - делінген хабарламада.
6 маусымда лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!