Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 шілдеде Полиция департаменті қызметкерлері "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мал базары маңындағы Богословка тасжолында 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген Ваз 2110 көлігін тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болды.
"Жүксалғыштағы қаптан 31 дана ақбөкеннің мүйізі табылды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйіздері қайдан алынғаны анықталатыны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!