Ақтөбеде күдік тудырған жігіт ұсталып, немен айналысқаны белгілі болды

Қала шетінде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті жігітті ұстады. Жеке тінту кезінде одан ұнтақ зат салынған 24 орам тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сараптама тәркіленген заттың мефедрон екенін көрсетті. Онымен қоса, күдікті есірткі жасырылған бірнеше жер туралы айтты.

Аталмыш факт бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған күні 21 жасқа толған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған дене табылғаны хабарланған болатын. Алматы тұрғыны өзінің туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектегені анықталды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмыс ізін суытпай ашылғанын мәлімдеді. Күдікті қамауға алынған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз