Ақтөбеде Қазақстан темір жолының қызметкерлері пышақтасқан. Компания өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде 16 қыркүйек күні "Никельтау" бекетінде "ҚТЖ Ақтөбе бөлімшесі" қызметкерлері пышақтасқаны туралы хабар түскен. Салдарынан машинист пен оның көмекшісі жарақат алып, Хромтаудағы орталық ауруханаға жеткізілген.
Компания өкілдерінің мәліметінше, оқиға Никельтау бекетінде 16 қыркүйек күні сағат 21.30-да болған. Тұрмыстық себеп бойынша Қандыағаш локомотив пайдалану депосының қызметкерлері арасында жанжал болған. Оқиға пойыздардың жүру кестесіне және жалпы теміржол көлігінің жұмысына әсер еткен жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!