Ақтөбеде “криминал“ кафе бұзылып жатыр

Ақтөбеде “криминал“ кафе бұзылып жатыр

Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған кафе бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Былтыр алты ай ішінде Ақтөбедегі "Ақшатау" кафесінде бес қылмыс тіркелді, оның ішінде бұзақылық, ұрлық және тонау бар. Сонымен қатар осы кезеңде полицияның 102 нөміріне 47 шақырту түскен.

"Қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің маңында орналасқан кафе айналасындағы тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық тудырған. Таңнан бастап түн ортасына дейін жұмыс істейтін мекеменің маңында мас күйдегі адамдардың жиі жүруі, айналаны ластауы және тыныштықты бұзу полицияның күнделікті рейдтік және профилактикалық шараларының нысанына айналды", - деп хабарлады полиция.

Былтыр учаскелік полиция инспекторлары "Ақшатау" кафесінің жанында қоғамдық тәртіпті бұзудың 45 дерегін анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Криминогендік ахуалды және халықпен өткізілген кездесулерде айтылған ұсыныстар мен шағымдарды ескеріп, 2024 жылы полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде "Ақшатау" кафесінің құрылысында заңсыздықтар анықталды.

Осының негізінде сот ғимаратты бұзу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта шілде айында жұмысын тоқтатқан мекеменің ғимаратын бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget